Шымкентте курьерден 1 килограмм есірткі табылды

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар бірқатар қылмыстың жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидатын жүзеге асырып жатыр. 

"Шымкент қаласында 25 жастағы азамат ұсталды. Одан есірткі және синтетикалық есірткілерді өткізуге арналған заттар тәркіленді. Оның айтуынша, ол есірткі таратумен айналысып, интернет-есірткі дүкені үшін ораушы әрі курьер қызметін атқарған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір килограмға жуық. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 13,6 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді

Новости партнеров