Шымкентте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері сотталды

Күдікті жеке мектебі бар кәсіпкерден 70 млн теңге пара алған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдікті жеке мектебі бар кәсіпкерден 70 млн теңге пара алған. Кейіннен ол бұл ақшаға екі пәтер сатып алып, оны жалға беру арқылы пайда тауыпты. Сотта лауазымды тұлғаның кінәсі толық дәлелденіп, 12 жылға түрмеге жабылды. Сонымен қатар, подполковник шенінен де айырылды.

Айта кетсек, айыпталушы қалалық департамент басшысының орынбасары болып қызмет еткен.

«Сотталушы мемлекетке 70 млн теңге көлеміндегі пара сомасын өтеуге міндеттелсін. Сондай-ақ элиталық екі бөлмелі пәтері мен Toyota Land Cruiser 200 автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленсін», – деді судья Әбинұр Қарабаев.

Оқи отырыңыз: Үй, көлік алып беремін: ШҚО-да полиция таныстарын алдап соққан күдіктіні анықтады

 

Новости партнеров