Шымкентте заңсыз дәрілер саудаланып келген

Almaty.tv
Almaty.tv

Заңды белшеден басқандарға 15 млн теңгеге жуық айыппұл салынған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкент дәріханаларында елімізде тіркелмеген, заңсыз дәрілер саудаланып келген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл мегаполисте 11 жағдай тіркеліп отыр. Бұдан бөлек, дәрі-дәрмекті тіркеу ережесін бұзған 15 факті анықталды. Жыл басталғалы заңды белшеден басқандарға 15 млн теңгеге жуық айыппұл салынған.

 «Толтырылған 112 хаттама бойынша, 56 кәсіпкерлік субьектісіне,  лауазымды тұлғаға және 24 жеке тұлғаға қатысты айыппұл санкциялары қолданылған, – деді Медициналық-фармацевтикалық бақылау комитеті департамент басшысының орынбасары Айгүл Садықова.

Айта кету керек, сапасыз медициналық көмек – салада жиі кездесетін мәселелердің бірі. Жыл басынан бері Шымкентте 63 жағдай тіркелген. Мамандар мұны шетелдік емшілердің қалада заңсыз жұмыс істеуімен байланыстырып отыр. Олар түрлі кабинеттер ашып, ешқандай рұқсатсыз халыққа ем тағайындап келген. Алайда мұндай әрекетті тексеру үшін алдымен тұрғындардан ресми арыз түсуі қажет.

«Өтініштер тіркелген жағдайда, тексеру тағайындалып, нәтижесінде тиісті әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғап, шара қолданамыз», – деді Айгүл Садықова.

Оқи отырыңыз: Онлайн ұры: Түркістан облысының тұрғындары 667 млн теңгеден айырылған

 

 

Новости партнеров