Шымкентте жаппай төбелес болды

Олардың арасында жанжал туындап, ол жұдырықтасуға ұласқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі жаппай төбелестің видеосы тарады. Оқиға бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода ондаған ер адам көрінеді. Олардың арасында жанжал туындап, ол жұдырықтасуға ұласқан.

Төбелес 16 тамызда болған, алайда ол туралы тек қазір мәлім болды.

Шымкент Полиция департаменті мәліметінше, оқиға дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қақтығысқа қатысушылар анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң, қатысушылардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Шымкент ПД.

Оқи отырыңыз: Капоши саркомасы жайлы не білеміз

Новости партнеров