Бейресми деректерге сүйенсек, әйел жүкті болып қалған көрінеді
Шымкенттік полицей әріптесін зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Бейресми деректерге сүйенсек, әйел жүкті болып қалған көрінеді. Ал айыпталушының Еңбекші аудандық полиция бөлімінде лауазымды қызмет атқарғаны белгілі болды. Бүгінде екі тәртіп сақшысына қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
«Әйелдің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, арызданушы мен арызда көрсетілген ер адам бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Тергеу аяқталғаннан кейін тиісті процессуалды шешім қабылданады», - делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Өрт сөндіруші болуға тырыс: Алматыда БАҚ қызметкерлері ерекше іс-шараға қатысты