Шымкенттің бас сәулетшісі қамауға алынды

21.08.2025 14:08

Әкім орынбасарының айтуынша, іс лауазымды тұлғаның бұрынғы жұмысына қатысты қозғалған

Шымкенттің бас сәулетшісі қамауға алынды. Бейресми деректерге сүйенсек, ол «бөтеннің мүлкін иемденді» деген күдікпен ұсталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кей ақпараттарда шенеунікті әкімдік ғимаратынан алып кеткені де айтылып жатыр. Бүгінде бұл деректі құзырлы орган мен қала әкімдігі растады. Әкім орынбасарының айтуынша, іс лауазымды тұлғаның қазіргі қызметіне емес, бұрынғы жұмысына қатысты қозғалған.

«Аталған факті бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлайды. Өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы, 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды», – деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Тұрғын үйдің техникалық паспортын ауыстыру керек пе