Шымкентте 52 жастағы әйел 5-қабаттан секірмек болды

ТЖМ / МЧС
ТЖМ / МЧС

Құтқарылған әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкенттік құтқарушылар өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттенген әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ 112 пультіне 1972 жылы туған әйел тұрғын үйдің бесінші қабатында орналасқан пәтердің балконынан секіргелі жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына дереу жеткен ТЖМ құтқарушылары әйелмен сөйлесуге тырысты. Алайда ол ешқандай жауап бермеді. Құтқарушылар дереу құтқару шараларына кірісті. Өрт сөндірушілер кіреберіс арқылы пәтерге жетуге асықты, ал жүргізуші төртінші қабаттағы пәтердің балконына автосатыны орнатты. Осы уақытта көршілес тұратын 5-өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Алпамыс Талипов әріптестеріне көмекке келді. Автосаты арқылы Алпамыс төртінші қабаттың балконына көтеріліп, жақтауға шығып, әріптестері пәтерге кіргенге дейін әйелді төменнен ұстап тұрды. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында әйел адам аман қалды», - делінген министрліктің хабарламасында.

Құтқарылған әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысының құтқарушылары өртті сөндірді

Новости партнеров