Елдімекенде мамандар 5 қыркүйекте сібір жарасының өршігенін растаған
Сібір жарасы анықталған Алматы облысындағы Үлкен Ақсу ауылында карантин аяқталды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, түйнеме 16 ірі қара мен 6 жылқыдан анықталған. Ал аталмыш дертті 11 адам жұқтырған. Науқастарға ем-дом шараларын жүргізу жалғасып жатыр.
Еске салайық, елдімекенде мамандар 5 қыркүйекте сібір жарасының өршігенін растаған.
Оқи отырыңыз: Безбүйрек ана: 2 жастағы баласын өлтірген әйел қамауға алынды