Сиқырлы саусақтар: Алматыдағы білім ордаларының бірінде қуыршақ театры ашылды

28.11.2025 15:35

Сахнада «Қоянның үйшігі» атты 7 минуттық шағын қойылым сахналанды

Алматыдағы білім ордаларының бірінде қуыршақ театры ашылды. «Сиқырлы саусақтар» деп аталған жаңа ұжым енді мектеп оқушыларын сахна мәдениетінің қыр-сырына баулып, шығармашылық әлеміне жетелейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған іс-шараның ашылу салтанатына Мемлекеттік қуыршақ театрының ардагер актрисалары арнайы қатысып, игі бастаманың тұсауын кесіп, жас өнерпаздарға ақ батасын берді. Сондай-ақ сахнада алғаш рет «Қоянның үйшігі» атты 7 минуттық шағын қойылым сахналанды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастама оқушылардың өнерге бейімділігін оятып қана қоймай, олардың эстетикалық талғамын дамытуға да тың серпін береді.

 «Бүгін – мектебіміз үшін ерекше тарихи күн. №174 мектеп-гимназия қабырғасында оқушыларға арналған жаңа мәдени алаң «Сиқырлы саусақтар» қуыршақ театры ашылып отыр. Біздің мақсатымыз – балаларды тек біліммен ғана емес, өнермен тәрбиелеу. Олардың жүргіне жылулық, қиялға қанат, сахнаға деген құрметтің дәнін себу», – деді № 174 мектеп-гимназиясының директоры Алма Оразбаева.

Оқи отырыңыз: Мектебімізде халықаралық тағылымдама негізіндегі ұлттық жобамен жұмыс жүргізілуде - Гүлбану Тәуекелова