Алматыда «Ұлттық құндылықтар негізінде оқушыларды еңбек пен шығармашылыққа баулу» тақырыбында республикалық семинар өтті
Алматыда «Ұлттық құндылықтар негізінде оқушыларды еңбек пен шығармашылыққа баулу» тақырыбында республикалық семинар өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиында Жапониядағы халықаралық тағылымдамадан жиналған тәжірибе сабақтары еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы келген 80-нен астам педагогқа кеңінен таныстырылды. Алдымен оқушылардың өз қолымен жасалған туындылары көпшілік назарына ұсынылып, көрме ретінде безендірілді. Одан кейін түрлі этнос өкілдерінен құралған «Жетісу жауһарлары» ұлт аспаптық оркестрі күмбірлеген күймен іс-шара шымылдығын түрсе, хор ұжымы рухты ән шырқап, көрермен көңілін серпілтті. Бұдан соң Жапония тәжірибесінен алынған озық практикалық идеялар талқыланып, ұстаздар қауымына тың серпін берді.
«2024 жылы Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен Жапон елінде халықаралық тағылымдамаға барып, қатысып келдім. Сол жерден алған ой пікірімізді, көрген тәжірибемізді мектебімізге, ұлттық модельімізге сай етіп бейімдедік. Сол жобаларды енгіздік. Қазіргі таңда мектебімізде сол халықаралық тағылымдама негізіндегі ұлттық жобамен жұмыс жүргізуде», – деді № 57 жалпы білім беретін мектептің директоры Гүлбану Тәуекелова.
Оқи отырыңыз: Биыл 70 мыңға жуық педагог тегін біліктілікті арттыру курсынан өтті