Референдумға дейін:
3
күн
0
сағат
25
минут

СІМ қазақстандықтарды 14 елге бармауға шақырды

СІМ баспасөз қызметі
СІМ баспасөз қызметі

Жетібаевтың айтуынша, Сыртқы істер министрлігінің бұған дейінгі ескертулеріне қарамастан, кейбір адамдар Таяу Шығыс елдеріне баруға әрекеттеніп жүр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты азаматтарды бірнеше елге бармауға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-қимылдар толығымен тоқтап, жағдай тұрақтанғанға дейін мына елдерге барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады», - деді СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев брифингте.

Олар:

  • Бахрейн,
  • Мысыр,
  • Израиль,
  • Йемен,
  • Иордания,
  • Ирак,
  • Иран,
  • Қатар,
  • Сауд Арабиясы,
  • Кувейт,
  • Ливан,
  • Біріккен Араб Әмірліктері,
  • Оман,
  • Сирия.

«Осы өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауға, зымыран қаупі туындаса дереу паналау орындарына баруға, сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушылармен тұрақты байланыста болуға шақырамыз», — деді ол.

Жетібаевтың айтуынша, Сыртқы істер министрлігінің бұған дейінгі ескертулеріне қарамастан, кейбір адамдар Таяу Шығыс елдеріне баруға әрекеттеніп жүр. Ол жағдай толық тұрақтанғанға дейін мұндай сапарларды жоспарлаудан бас тарту керек деп санайды.

Оқи отырыңыз: Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарынан 8 585 қазақстандық эвакуацияланды

Новости партнеров