Сіріңке – ойыншық емес: полиция ата-аналарға үндеу жасады

polisia.kz
polisia.kz

Полиция ата-аналарды балалардың бос уақытын назардан тыс қалдырмауға шақырады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Семей қаласында 15 шілде күні 352-кварталдағы тұрғын үй ауласында болған автокөлік өртінің мән-жайы анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. .

Тұрғын үй маңында тұрған автокөліктің жанғаны туралы хабар төтенше жағдайлар қызметіне сағат 18:05-те түскен.

Оқиғаның себептерін анықтау барысында полицейлер жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеген. Соның нәтижесінде өрт шықпас бұрын автокөліктің жанында үш кәмелетке толмаған баланың болғаны белгілі болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, олардың бірі сіріңкемен көліктің жанындағы құрғақ шөпті тұтатқан. Жалынның тез тарала бастағанын көрген балалар оқиға орнынан қашып кеткен.

Бұл дерек кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінен алынған түсініктемелер барысында да расталған.

Оқиғаға қатысы бар 6 жастағы баланың ата-анасы автокөлік иесіне келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндетті болады.

Осыған байланысты полиция ата-аналарды балалардың бос уақытын назардан тыс қалдырмауға, оларға отпен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін үнемі түсіндіруге және сіріңке мен өзге де қауіпті заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауға шақырады.

Оқи отырыңыз: «Кітап оқитын ұлт» марафоны 1 млн-нан астам адамды қамтиды