ОСК «Әділет» партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Тізімге 72 әйел мен 114 ер адам енген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» партиясының Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін ресми түрде тіркеді. Комиссия партия ұсынған 186 кандидаттың барлығы заң талаптарына сәйкес келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Тізімге 72 әйел мен 114 ер адам енген. Кандидаттардың орташа жасы 45 жас. Олар – құқық, ғылым, кәсіпкерлік, білім беру, денсаулық сақтау, цифрлық технологиялар, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет және азаматтық қоғам салаласының өкілдері. 

Еске салайық, аталған партия Әділет министрлігінде 1 маусымда ресми тіркеуден өткен. Ал алдағы Құрылтай сайлауы партияның қатысуымен өтетін алғашқы саяси науқан болмақ.

«Әділет» партиясының Құрылтай сайлауына ұсынылған партиялық тізімінің тіркелуімен саяси партияның басшылығын, өкілдерін құттықтай отырып сәттілік тілейміз. Құрметті әріптестер, отырысқа қатысушылар осымен біздің күн тәртібіне шығарылған мәселені біз толыққанды қарап шықтық. Тиісті шешімдерді қабылдадық», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда цифрлық жүйелердің киберқауіпсіздігіне міндетті аудит жүргізу енгізіледі