Система: Жамбыл облысындағы оқушылардың өліміне қатысты тергеу аяқталды
15 сәуірде Қордай ауданындағы Қаракемер ауылында 9-сынып оқушыларының мәйіті табылған
Жамбыл облысында оқушылар арасындағы бопсалау және үш жасөспірімді өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша тергеу аяқталды,
Еске салайық, қайғылы оқиға 15 сәуірде Қордай ауданындағы Қаракемер ауылында болған. Сол күні өз-өзіне қол жұмсаған 9-сынып оқушыларының мәйіті табылған.
Прокуратураның мәліметінше, бұған ауыл мектептеріндегі «Система» деп аталатын бейресми топ әсер етуі мүмкін. Оның өз тәртібі, бағыну талаптары мен жазалау жүйесі болған. Тергеу барысында оқушыларды бопсалау деректері анықталды. Қазір қылмыстық іс бойынша 7 күдіктіге айып тағылды. Оның екеуі қамауға алынды. Қалған бесеуіне қатысты бұлтартпау шаралары қолданылды. Қылмыстық іс сот қарауына жіберілді.
«Қазіргі уақытта аталған бейресми құрылымның жұмысы тоқтатылды. Биыл 23 қазанында қылмыстық іс мәні бойынша қаралу үшін Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Айыпталушылардың кінәлілігі соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана анықталады», – деді облыстық прокуратураның басқарма бастығы Берік Төлеуов.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде кісі тонады деген күдікпен екі жасөспірім ұсталды
¤