Сиыр еті картоп ретінде экспортталды деген ақпарат жалған - министр мәлімдемесі

24.02.2026 15:16

«Сиыр еті картоп ретінде экспортталды деген ақпарат жалған». Ауылшаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желілерде тараған «экспортқа шектеу қойылғанына қарамастан, сиыр еті шетелге картоп ретінде шығарылады» деген мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Оның сөзінше, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті экспорттық ағындарды тұрақты түрде қадағалап отыр. Сондай-ақ министр картоп таситын вагондарға ет тиеу техникалық және санитарлық талаптарға сәйкес келмейтінін атап өтті. Жалпы заңсыз тасымалға бақылау күшейтілгенін жеткізді. Ол ет тиелген жүк көлігінің құжатсыз шекарадан өтпек болғанын мәлімдеді. Тексеру барысында тиісті құжаттар рәсімделіп, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Одан бөлек, министр шаруалардың еттің келісі 10-12 мыңнан саудалануы керек деген ойына пікір білдірді.

«Фермерлер 10-12 мың теңге деп айтқанда, олар экспорттық бағаны меңзейді. Қазір шетелге еттің келісі 4,5-6 мың теңге аралығында сатылып жатыр. Баға еттің санатына байланысты өзгеріп отырады. Ал ішкі нарықта тірі малдың келісі 1600-1800 теңге аралығында саудаланады. Орта есеппен 1700 теңгеден. Егер оны етке айналдырса, бағасы шамамен 3-4 мың теңге болады», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысы тасқын су құрсауында қалуы мүмкін