Өңірде қауіпті жәндіктерге қарсы жұмыстар басталды
Сәуір айы басталғалы СҚОда 10 адамды кене шаққан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның үшеуі – кәмелет жасқа толмағандар екен. Абырой болғанда, азаматтардың арасында энцефалит ауруын жұқтырғандар тіркелмепті. Аталғандардың барлығы медициналық көмекке дер кезінде жүгінген. Бүгінде өңірде қауіпті жәндіктерге қарсы жұмыстар басталып, су айдындары маңында, саябақтар мен скверлерде дезинсекция жүргізілуде.
Айта кету керек, былтыр аймақта мыңға жуық адамды кене шаққан. Олардың жетеуінен кене энцефалиті анықталған. Сондықтан, мамандар тұрғындарға табиғатқа шыққанда ашық түсті, жабық киім киіп, қорғануға кеңес береді.
«Айыртау ауданы кене энцефалиті бойынша эндемиялық аймақ болып саналады. Онда вакциналау жүргізілуде. Биыл 360 адамға екпе салу жоспарланған, қазір 44 адам вакцина алды. Сонымен қатар, ауданда 59 гектар аумақ екі кезеңмен өңделеді», - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы арман күшбасов Арман Күшбасов.
Оқи отырыңыз: Жеке деректерді ұрлаған қылмыстық топ ұсталды