ШҚО-да аязды күні жолда қалған жолаушылар құтқарылды

18.01.2026 09:53

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар аязда жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ТЖМ хабарлауынша, Глубокое ауданында республикалық маңызы бар Өскемен – Риддер автожолында автокөліктің бұзылуына байланысты екі азамат төтенше жағдайға тап болған. Жағдай бірнеше күн бойы өңірде қатты аяздың сақталуына байланысты күрделене түскен.

"Жолаушыларға көмекке құтқарушылар келіп, оларды ең жақын елдімекен — Өскемен қаласына эвакуациялады. Азаматтар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", - делінген хабарламада.

ТЖМ, әсіресе аязды күндері қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Алыс жолға шығуды мүмкіндігінше кейінге қалдырған жөн. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды