СҚО-да әйел адам танысын өлтіріп, денесін үйінде жасырып келген

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Әйел бірнеше күн бойы әдеттегідей жұмысқа барып, күнделікті өмірін жалғастырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысында ер адамды өлтіріп, оның денесін бірнеше күн бойы үйінде жасырған әйел 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Qazaqstan Media басылымының жазуынша, оқиға биыл 27 ақпанда Қызылжар ауданының Бескөл ауылында болған.

53 жастағы әйелдің үйіне кешкі уақытта мас күйде келген танысы қайтқысы келмей, әйелдің үйіне қонбақ болады.

Алайда екеуінің арасындағы жанжал соңы қайғылы жағдайға ұласқан. Әйел қолындағы балтамен ер адамды бас тұсынан бірнеше рет ұрып, ол сол жерде көз жұмған.

Оқиғадан кейін күдікті жедел жәрдем мен полицияға хабарламаған. Ол қан іздерін жуып, мәйітті бөлмеге сүйреп кіргізіп, кереуеттің астына жасырып қойған. Бірнеше күн бойы әдеттегідей жұмысқа барып, күнделікті өмірін жалғастырған.

Жоғалған ер адамды туыстары мен полиция іздестірген. 1 наурыз күні тәртіп сақшылары әйелдің үйін тексеру барысында жатын бөлмеден мәйітті тапқан. Кейін күдікті болған жайтты мойындаған.

Сотта қорғау тарапы оқиғаны абайсызда болған деп көрсетуге тырысқанымен, сот бұл уәжді қабылдамады. Себебі соққылар өмірлік маңызды аймаққа жасалған.

"Сот үкімімен әйел кінәлі деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында тасжолда болған апаттан үш оқушы қаза тапты

Новости партнеров