ШҚО-да көлік ұрлаған күдікті ұсталды

Polisia.kz
Polisia.kz

Ұрланған көлік заңды иесіне қайтарылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ШҚО-да полицейлер көлік ұрлаған күдіктіні "ізін суытпай" ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алтай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғынынан ауласында тұрған ВАЗ-2107 автокөлігінің ұрланғаны туралы арыз түскен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Патрульдік полиция взводының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды.

Ол 21 жастағы азамат болып шықты. Ұрланған көлік заңды иесіне қайтарылды. Облыс тұрғыны полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Полиция азаматтарды көлікті қараусыз қалдырмауға, есіктерді құлыптап, ұрлыққа қарсы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі Polisia.kz 

Оқи отырыңыз: Алматыда шетелдік алаяқтық call-орталығының қызметі тоқтатылды

Новости партнеров