ШҚО-да полиция қызметкері бес баланы құтқарып қалды

22.11.2025 12:57

Анасы мен балалары Өскемендегі дағдарыс орталығына уақытша орналастырылды

t.me/POLICE_of_KZ

ШҚО-да полиция қызметкері бес баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Республикалық «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Үлбі полиция бөлимінің қызметкерлері есепте тұрған отбасырды тексеріп, саяжай аумақтарын аралап жүрген. Сол кезде полиции қызметкері Әсел Тұқышева бақылау мақсатында үйлердің біріне кірген.

«Табалдырықтан аттай салысымен ол үй ішінен улы газдың өткір иісін сезген. Бұл үйде бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана тұратын: үлкені – 17 жаста, кішісі – 3 жаста. Қауіп минут санап күшейіп бара жатқандықтан, полиция қызметкері дереу әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алды», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД мамандары үй ішінде улы газдың тарағанын растады. Пеште пайда болған ақаулардан үй ишіне түтін тараған.

Үйде қалу қауіпті болғандықтан ана мен бес бала Өскемендегі дағдарыс орталығына уақытша орналастырылды.

Полиция капитаны Әсел Тұқышеваның қырағылығы мен жедел әрекетінің арқасында бірден алты адамның өмірі құтқарылды, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды.

Оқи отырыңыз: Алматыда техникалық қызмет көрсету ғимаратынан шыққан өрт сөндірілді