Әскерден қашып жүргендерді көшеден ұстап әкетуге бола ма

Сенаторлар Қазақстан мен Қатар мемлекетінің әскери байланысын нығайту туралы келісімді ратификациялады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда әскерден қашып жүргендерді көшеден ұстап әкетуге болады. Cенат қабырғасында Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев осылай айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әскерге баруға міндетті азаматқа алдымен шақырту келеді. Егер ол осы құжатқа мән бермейтін болса, онда оған іздеу салынады. Сол кезде оны құзырлылар күштеп алып кетуге құқылы.

"Іздеу салынған адамдар қашып, күш көрсететін болса, көшеден алып кететін болады. Мәселеге түбегейлі келетін болсақ, заңды қолдап тұрған адамды емес, оны орындаудан қашып жүрген адамды қарастыру керек", – деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев.   

Сенаторлар Қазақстан мен Қатар мемлекетінің әскери байланысын нығайту туралы келісімді ратификациялады. Келісім жауынгерлік даярлық іс-шараларын өткізу кезінде елдердің әуе кеңістігін және әскери полигондарын өзара келісілген мерзімде пайдалану, техникаларды тасымалдау мүмкіндігін көздейді. Бұл шарт 5 жылға жасалған.

"Тіл мәселесін көздеп отырмыз. Қатар республикасында офицерлер араб тілін еді. Ал Қатар мемлекетінен талпыныс болса, Ұлттық қорғаныс университетінде оларға қазақ тілін оқытамыз", – деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев.  

Оқи отырыңыз: Шаруалар Талдықорған-Алматы күре жолында түнеуге мәжбүр

Новости партнеров