Әскерден оралған азаматтар екі ай несие төлемейді

11.06.2026 19:35

Ақпаратты Сенат кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков айтты

Әскерден оралған азаматтар екі ай бойы несиесін төлемеуге құқылы. Мұндай ақпаратты Сенат кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Оның сөзінше, банк алдындағы берешекті кейінге қалдыру немесе тоқтата тұру тетігі мерзімді әскери қызметке шақырылғандарға ғана қолданылады. Сондай-ақ ол әскери жиындар мен мерзімді әскери қызметтің құқықтық мәртебесі әртүрлі екенін атап өтті. Сондықтан әскери жиындарға шақырылған, бірақ ресми жұмысы жоқ әрі несие немесе ипотекалық міндеттемелері бар азаматтарға заңнамада мұндай жеңілдіктер қарастырылмағанын жеткізді.

«Біз айтып отырған жеңілдік мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарға қатысты. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әскери қызмет өткеру кезеңінде олардың барлық несиелері тоқтатыла тұрады. Бұл жеңілдік әскери қызмет аяқталғаннан кейін азамат жұмысқа орналасуы үшін қосымша 2 ай бойы сақталады», – деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков.

Оқи отырыңыз: Президент Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады