Әскерге шақырту енді SMS арқылы келеді

25.08.2025 21:10

Ведомство тиісті құжатты «Ашық» порталы арқылы қоғамдық талқылауға ұсынды

Almaty.tv

Қорғаныс министрлігі жастарды әскерге SMS арқылы шақыруы мүмкін. Ведомство тиісті құжатты «Ашық» порталы арқылы қоғамдық талқылауға ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мақсат – азаматтарды әскерге шақыруды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілін енгізу. Егер жоба қабылданса, әскерге шақырылған азаматтың нөміріне келген хабарлама қағаз хабарламаға теңестіріледі. Сонымен қатар шақыру eGov-тағы жеке кабинетке де жолданады. Электрондық хабарламалар әскери комиссариатқа келу күніне дейін кемінде 3 күн бұрын жіберілуі тиіс.

Оқи отырыңыз: Әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлері ұсынылады - министр