Әскерге шақыру қағидасына өзгерістер енгізілді

Almaty.tv
Almaty.tv

Бұйрық 2025 жылғы 2 тамызда күшіне енеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кәмелетке толған азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Отан алдындағы борышын өтеу жасына жеткен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру тұрғылықты жердегі әскери басқару органдарының лауазымды тұлғалары арқылы жүргізілетіні нақтыланды. Атап айтқанда, ауылдарда, кенттерде жергілікті атқарушы органдар арқылы немесе жұмыс (оқу) орнындағы басшылыққа қолхат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ шақыру комиссиясы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және оларды Қазақстан Республикасының Қарулы rүштерінің, өзге де әскерлері мен әскери құралымдарының тиісті түрлері мен тектеріне бөлу туралы шешім қабылдау кезінде олардың мамандығы мен денсаулық жағдайына басымдық беріледі.

Үкімет қаулысында әскерге шақырудың екінші кезеңін өткізу мерзімі белгіленді:

Екінші кезең Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің жиын пунктінде жыл сайын көктемде 1 наурыздан 30 маусымға дейін, сондай-ақ күзде 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін өткізіледі.

Бұрын екінші кезең 1 наурыздан көктемгі шақыру командасын жөнелту аяқталғанға дейін, ал күзгі шақыру 1 қыркүйектен күзгі шақыру командасын жөнелту аяқталғанға дейін жүргізілетін.

Бұйрық 2025 жылғы 2 тамызда күшіне енеді. 

Оқи отырыңыз: Медбикелер алғашқы медициналық көмек көрсете алады

Новости партнеров