Сарбаздарға қолдау – әскери бөлім жұмысының басты бағыты
Әскери бөлімдерде жеке құрамның қауіпсіздігі мен психологиялық жай-күйіне ерекше көңіл бөлінуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Соның бірі – 26363 әскери бөлімі. Бөлім командирі, подполковник Жеңісбек Байтілеуовтің бастамасымен сарбаздармен тәрбие жұмысы күшейтіліп, олардың моральдық-психологиялық жағдайын тұрақты бақылау жүйесі енгізілді
Қиын жағдайлардың алдын алу және әскери қызметшілерге дер кезінде қолдау көрсету мақсатында бөлімде анонимді сауалнамалар жүргізіліп, жеке әңгімелесулер ұйымдастырылды. Бұл шаралар сарбаздардың ішкі күйзелісін анықтауға және мәселелерді ерте кезеңде шешуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар әскери бөлім аумағында тәулік бойғы бақылаумен қосымша алдын алу шаралары күнделікті қызмет барысында тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Жүргізіліп жатқан бұл жұмыстардың басты мақсаты – сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау, әскери ортада тұрақты әрі сенімді моральдық ахуал қалыптастыру.
Оқи отырыңыз: Мыңжылдық тарих сабақтастығы – жаңа Конституция жобасы айқындап берген бағдар