Вице-министр биылдан бастап әскерге SMS арқылы шақыру заңдастырылғанын еске салды
Астанадағы сауда орталықтарының бірінен күштеп әскери комиссариатқа жеткізілген 23 жастағы жігіт үйіне жіберілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров азамат медициналық тексерістен өткеннен кейін, денсаулығына байланысты босатылғанын жеткізді. Ол тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханаға емделуге жіберілген. Вице-министр биылдан бастап әскерге SMS арқылы шақыру заңдастырылғанын еске салды.
Оның айтуынша, хабарлама келген адам міндетті түрде жергілікті Қорғаныс департаментіне баруы тиіс. Егер бармайтын болса, онда оның аты-жөні ішкі істер органдарына тапсырылады. Құқық қорғаушылар жедел профилактикалық шара аясында азаматтарды әскери комиссариатқа жеткізеді.
«Бір науқанда 20 мыңнан астам сарбаз шақырамыз. 3-4 рет Жедел профилактика өткізген кезде қатаң заң бұзушылық болады. Бір емес, екі емес, үш, төрт шақыруға келмеген адамдар», – деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров.
Оқи отырыңыз: Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды