СҚО-да 2 жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты

22.10.2024 14:01

Қайғылы оқиға «Астана – Петропавл» республикалық тас жолының бойында тіркелген

СҚО-да 2 жүк көлігі соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға «Астана – Петропавл» республикалық тас жолының бойында Аққайың ауданы Рублёвка ауылының маңында тіркелген. Алдын ала дерек бойынша, жүк көліктерінің бірін тізгіндеген жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Ол қарсы бетке шығып кетіп, жол-көлік оқиғасына себепкер болған. Қазір аталмыш дерекке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

"Алдын ала анықталғандай, HOWO жүк көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бағыттағы бөлігіне шығып кетіп, 46 жастағы жүргізушінің басқаруындағы қарсы бағытта өз жолағымен келе жатқан Volvo жүк көлігімен жанасып, соғылған. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде HOWO жүк көлігінің алған жарақаттарынан салдарынан оқиға орнында көз жұмды", – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мадина Ерғалиева.

Оқи отырыңыз: Рейс кешіккені үшін компания басшылығын жазалау керек - сенатор