Қазіргі таңда облыста аудандық деңгейдегі үш қызметкер лауазымынан босатылды
Солтүстік Қазақстан облысында бес мемлекеттік қызметшінің құмар ойындар мен бәс тігуге қатысқаны анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің мұндай әрекеттері заңбұзушылық болып саналады. Оларды атқарып отырған лауазымынан босатуға негіз болады», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда облыста аудандық деңгейдегі үш қызметкер лауазымынан босатылды.
Ал екі ауылдық округ әкіміне қатысты шара қолдану жөнінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті аудан әкіміне ұсыныс енгізді.
Оқи отырыңыз: Аутизмге шалдыққан баланы балағаттаған: автобустағы әйелдің әрекеті жұрттың ашуын туғызды