СҚО-да моншада болған өрттен бір адам қаза тапты

20.10.2024 17:22

Қайғылы оқиға 19 қазанда болған

qaz-media.kz

Солтүстік Қазақстанда өрттен бір адам қайтыс болды. От моншадан шыққан, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 19 қазанда Жамбыл ауданы Пресновка ауылында болған. Кешкі уақытта тұрғын үйлердің бірінің моншасы отқа оранды. Кейін жалын ауланы да шарпыған.

«Оқиға орнынан иіс тиіп уланған ер адамның жансыз денесі табылды. Ол 1960 жылы туған үй иесі болып шықты», — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тілсіз жауды мамандар сағат 19:15 толық сөндірді.

Оқи отырыңыз: Атырауда прокурордың қалтасынан 20 мың теңге ұрлап кеткен блогер сотталды