Таразда тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды

21.10.2024 08:20

Өрттің себебі анықталуда

elements.envato.com

Жамбыл облысында пәтердегі өрт кезінде 10 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тараз қаласында төрт қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде 2 ш.м. алаңда жану орын алды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 10 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы баспалдақ маршымен эвакуациялады. Құтқарушылар өртті толығымен сөндірді", - делінген хабарламада.
 

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Оқи отырыңыз: Зарина Дияс Түркияда өткен турнирде жеңіске жетті