СҚО-да шошқа тұмауын жұқтырғандар тіркелді

Girl with red hat/unsplash.com
Girl with red hat/unsplash.com

Өткен эпидемиялық маусыммен салыстырғанда тұмау биыл бір айға кеш басталып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысында жіті респираторлық вирустық инфекцияны өткен аптада 4,5 мыңға жуық адам жұқтырды. Осылайша сырқаттанғандар саны бір аптада 10%-ға өскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа эпидемиялық маусым басталғалы 29,5 мың адам ЖРВИ жұқтырған. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5%-ға төмен. Сырқаттанғандардың 67%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Өткен аптада ЖРВИ-ді 4 419 адам жұқтырды. Алдындағы аптамен салыстырғанда 10% өсім бар. 

4 желтоқсанда А (H1N1-pdm-09) тұмауын жұқтырудың екі жағдайы тіркелді. Сырқаттың бірі – мектеп оқушысы, қазір Көпбейінді облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр. Екіншісі әскери қызметші, ол Петропавлдағы бірінші қалалық ауруханада жатыр. Екеуі де тұмауға қарсы екпе алмаған. 

Өткен эпидемиялық маусыммен салыстырғанда тұмау биыл бір айға кеш басталып отыр. Сондай-ақ облыста басқа вирустық респираторлық инфекциялардың таралуы жүріп жатыр. Олар: риновирустар – 28 жағдай, аденовирустар - 27 жағдай, парагрипп - 20, бокавирустар – 5, метапневмовирустар - 4 және басқа коронавирустар – 2 жағдай, - дейді ведомствоның бас маманы Айнаш Сағандықова.

А (H1N1-pdm-09) тұмауын, сондай-ақ «шошқа тұмауы» деп те атайды.

- Шошқа тұмауы – жұқпалы ауру. Оны адамдар ғана емес, үй шошқалары, құстар және басқа да жануарлар жұқтырады. А (H1N1) вирусы елімізде, оның ішінде СҚО-да 2009 жылдан бері таралып келеді.

«Шошқа тұмауы» негізінен адамнан адамға ауа арқылы жұғады. Оның ерекше белгілер жоқ. Тұмауға ортақ бірдей белгілері бар: бас және бұлшықет ауруы, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы (құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу, тамақтың жыбырлауы, ауа жетіспеушілігі), температураның 38-39° дейін көтерілуі, қатты әлсіздік, аурудың кенеттен басталып, жағдайдың тез нашарлауы. Ал тұмаудың алдын алудың бірден-бір жолы – екпе алу», - дейді Айнаш Сағандықова.

 

Новости партнеров