СҚО-да сот отырысына ішімдікке жақын, есепке алынған азаматтар арнайы шақырылды

Ашық сот отырысында сүйіктісіне қол жұмсаған ер адам 15 тәулікке бас бостандығынан айырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Отбасындағы қатігездіктің алдын алудың тағы бір тың тәсілі табылды. Солтүстік Қазақстан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты ашық сот отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Оған ішімдікке жақын, есепке алынған азаматтар арнайы шақырылған. Оларға отбасындағы зорлық-зомбылық тек жеке мәселе емес, қылмыстық жауапкершілік екені көрсетілді.

«Көптеген тұрмыстық зорлық-зомбылықтың беті ашылмай қалады. Өйткені жәбірленушілер жағдайды жария етуден қорқып, кейде құқық қорғау органдарына сенбей жатады. Бұл заңбұзушылықтың алдын алу іс-шараларына кедергі келтіреді. Еске салайын, былтыр Президент балалар мен әйелдердің құқығын қорғау туралы заңға қол қойды. Кез келген оқиғаға қатысты жаза қолдану қатаңдатылды», – деді Петропавл Қаласы прокурорының орынбасары Асқар Иманқұлов.

Айта кетейік, ашық сот отырысында айыпталушы ретінде сүйіктісіне қол жұмсаған ер адам жауап берді. Судья оған 15 тәулікке бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері Петропавлда ғана дәл осындай іске қатысы бар 18 адам жауапқа тартылыпты.

 «Қамау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалып, сотталушы сот залында қамауға алынсын. Қылмыстық кодекстің 98-бабының 3-тармағына сәйкес Әбілдинге 1 жыл мерзім көлемінде жәбірленушіні іздеуге, қудалауға, оған баруға, онымен бетпе-бет немесе телефон арқылы сөйлесуге тыйым салу түріндегі талаптар белгіленсін», – деді Петропавл қалалық сотының судьясы Әсем Жаналина.

Оқи отырыңыз: Мүгедек бауырын зорлап келген үш ер адам сотталды

Новости партнеров