Алматыда маусымда 1 адам ажал құшқан автобус апатына қатысты алдын ала сот отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Істі Алмалы ауданының қылмыстық істер жөніндегі соты қарап жатыр. Сұмдық оқиғаға 28 жастағы әйел кінәлі деп танылды. Сотталушыға көлiк құралын басқару кезінде жолда жүру қағидаларын бұзу, оның ішінде абайсызда адам өліміне әкеп соғу бабы бойынша айып тағылған. Тыңдалым барысында оның қорғаушылары тергеуде процессуалдық қателіктер жіберілгенін мәлім етіп, істі прокурорға қайтаруды сұрады.
"Қала прокуратурасы шағымдарға әртүрлі жауап берді. Бірінде "барлық өтініш сотта қаралуы мүмкін" десе, енді бірінде тергеушіге қатысты арызды растамады. Алайда соңғы шешімде істі жүргізген тергеушінің әрекеті заңсыз деп көрсетілген. Осыған байланысты қылмыстық істі қайтадан прокуратураға қайтаруды сұраймын", – деді айыпталушы тараптың қорғушысы Қанат Әлсейітов.
Айыпталушы тарап істің материалдарымен толық тынысуға мүмкіндік ала алмай, тергеуге өтініш білдіріп, қосымша сараптама тағайындау құқығынан айырылғандарын алға салып отыр. Ал прокурор тергеу барысы барлық нормаға сай өткенін айтып, негізгі сот отырысын бастауға өтініш білдірді. Судья шешімін ертең жариялайды.
" Істі прокурорға қайтаруға негіз жоқ, себебі Сартаеваға 345-баптың 3-бөлігі бойынша тағылған айып дұрыс сараланған. Сондай-ақ іс материалдарымен таныспау мәселесіне келсек, негізгі сот талқылауы барысында тараптар толықтай танысу мүмкіндігіне ие болады, бұл процеске еш кедергі келтірмейді", – деді прокурор Ақерке Райханова.
Оқи отырыңыз: Биыл 20-дан астам судья жауапқа тартылды