Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова судьяларға жауапкершілік күшейтілгенін атап өтті
Биыл заң талаптарын бұзған 20-дан астам судья анықталды. Олар сотта өрескел қате жібергені үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы сенат отырысында Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның ақпарынша, соңғы 1 жылда судьялар тарапынан сот ісін қарау кезінде заң талаптарын көп бұзылған. Өткен жылмен салыстырғанда 9 айда көрсеткіш 2 есеге өскен. Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова судьяларға жауапкершілік күшейтілгенін атап өтті. Оларды жазалаудың жаңа механизмі енгізілгенін жеткізді.
"2024 жылғы 9 айда сот ісін қарау барасында өрескел қате жіберген 21 судья жауапқа тартылды. Өткен жылы осы мезгілде 9 судья жауапқа тартылған. Көрсеткіш 2,5 есе өсті. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін 1 қазаннан бастап жаңа тетік енгіздік. Судьяларда ерекше мәртебе болғандықтан, жауапқа тарту да ерекше мәртебеге ие болады", – деді ҚР Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова.
Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында спорт мектебінің директоры мен бас есепшісі сотталды