ШОБ-қа жаңа ережелерге бейімделуі үшін мораторий өте қажет - Олжас Нұралдинов

Президент Жолдауында басқару құрылымдарының жұмыс тиімділігін арттырып, қағазбастылықтан арылуды және шешім қабылдау үдерісін жеңілдетуді тапсырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау кезінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні тиімді пайдалану – маңызды бағыттардың бірі. Президент Жолдауында басқару құрылымдарының жұмыс тиімділігін арттырып, қағазбастылықтан арылуды және шешім қабылдау үдерісін жеңілдетуді тапсырды. Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжанның пікірінше, ақылды технологияларды орталық және өңірлік деңгейде қолдану тәуекелдерді анықтауға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Сондай-ақ ол Жолдаудың елдегі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруға бағытталғанын жеткізді.

«Мемлекеттік басқару жүйесіне, соның ішінде жекелеген өңірлерді басқаруға жасанды интеллектті енгізу — бұл жаңа деңгейге көшу. Оның көмегімен бизнестегі және мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуға болады деп ойлаймын», – деді ҚР Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжан.

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті тексеруге үш жылдық тыйым енгізу туралы ұсыныс айтқан. Осы бастамаға қатысты депутат Олжас Нұралдинов бұрынғы мораторий тәжірибесіне тоқталды. Сөзінше, ол кезде цифрландыру мен бақылау деңгейі төмен болғандықтан, бизнесті бөлшектеу және капиталды сыртқа шығару сияқты тәуекелдер туындауы мүмкіні. Ал қазір жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар дамыған тұста қаражат айналымын бақылау мүмкіндігі артып отырғанын айтады.

«Қазір жаппай цифрландыру дамығандықтан барлық шоттар мен қаржы қозғалысын бақылауға мүмкіндік бар деп ойлаймын. Сондықтан шағын және орта бизнес жаңа Салық кодексінің талаптарын түсініп, жаңа ережелерге бейімделуі үшін мораторий өте қажет», – деді ҚР Құрылтай депутаты Олжас Нұралдинов.

Оқи отырыңыз: Мұғалімдерге міндетті құжаттар қысқарады