Туындыда жауынгердің жастай жесір қалған жары көрген қиындығын, мұңға айналған сағынышын баяндайды
Қызылордада «Соғыс жесірі» атты қысқа метражды кинотуынды көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Фильмнің ерекшелігі майдан даласында қаза тапқан жауынгердің жастай жесір қалған жары көрген қиындығын, мұңға айналған сағынышын баяндайды.
Айта кетейік, баланы әкеден, әйелді ерінен айырған екінші дүниежүзілік соғыста шаңырағын шайқалтпай, ақ жаулығына адал болған аналардың ғұмыры көрерменге ерекше әсер сыйлады. Жоба авторы бейнет кешіп ұрпағын жеткізген кейуананың жан-сыры арқылы зұлмат соғыста жесір қалған әйелдердің тағдырын көрсетуді көздеген.
«Қазақстан бойынша екі адам ғана тірі жесір қалғанын білдік. Соның бірін Таразға жақын ауылдан таптық. Әжеміздің әңгімесінің әсерінен сол заманның дәуірімен бетпе-бет келгендей күй кештік. Ұрпақ ретінде парызымызды өтей алмадық па деген оймен қайттық. Соғыстағы әйел тақырыбын әлі де аша алмай жатырмыз. Соған кішкентай тамшыдай болса да қосқан үлесіміз деп ойлаймын», – деді деректі фильмнің авторы Нұрбек Әмиша.
Оқи отырыңыз: Соғыс үйірлі жаннан мені жалғыз қалдырып кетті - Ізбай Әтейбекұлы