Сот үкім шығарды: Қарағандыда әйел нәрестесін пойыздан лақтырып жіберген

26.07.2025 11:14

Сәбидің мерт болуына анасының психикалық ауруы себеп болған

Аlmaty.tv

Қарағанды көлік прокуратурасы Қарағанды – Сұрыптау – Сарыбел аралығында жолаушылар пойызында болған қайғылы оқиға бойынша сот тергеуін аяқтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2025 жылғы 20 сәуірде пойыз жолаушыларының бірі толғағы келіп, вагонның санитарлық бөлмесінде босанып қалған. Босану медициналық мекемеден тыс және тиісті көмек көрсетілмей жүзеге асқан.

«Тергеу барысында анықталғандай, психикалық аурумен есепте тұрған әйел ауруының асқыну кезеңінде жаңа туған нәрестені санитарлық шұңқырға тастап жіберген. Сәби теміржол рельстеріне құлап, өмірмен сыйыспайтын жарақаттар алған», - делінген ведомство хабарламасында.

Қарағанды облысының Осакаров аудандық соты әйелді қылмыстық іс-әрекет жасаған сәтінде есі дұрыс емес деп танып, оны арнайы медициналық мекемеде мәжбүрлеп емдеу туралы қаулы шығарды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Балаларды интернеттегі қауіп-қатерден қорғай аламыз ба