Жер сілкінісінен кейінгі жағдай бойынша ТЖМ ақпараты

06.10.2025 04:35

Министрлік сейсмикалық жағдайды үздіксіз бақылауда ұстап отыр

Depositphotos

Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығында ҚР ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бейнеконференц-байланыс форматында өткен кеңеске мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, өңірлердегі ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан шаралар талқыланды.

ҚР ТЖМ күштері мен құралдары кез келген жағдайға ден қоюға толық дайын. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

«Қазселденқорғау» ММ филиалының мамандары аса қауіпті учаскелерді тексеріп шықты. Топырақтың ірі зақымданулары, деформациялары, жарықтары мен шөгулері анықталған жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен маңызды инфрақұрылымдар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Министрлік сейсмикалық жағдайды үздіксіз бақылауда ұстап, өңірлермен тұрақты байланыс орнатқан.

Азаматтардан сабырлық сақтауға және тек ресми ақпарат көздерінен хабар алуға шақырамыз.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді