Сөз өнері: Алматыда қазақ әдебиетінің әлемдегі орны талқаланды

29.11.2024 16:36

Басқосуға ақын, жазушы, сыншы, публицистер қатысты

Алматыда "Қазақ" газетінің 110 жылдығына орай ұйымдастырылған "Сөз өнері" халықаралық әдеби форумы аясында "Қазақ әдебиетінің көкжиегі" атты жиын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосуға ақын, жазушы, сыншы, публицистер қатысты. Іс-шара барысында қазақ әдебиетінің әлемдік әдеби кеңістіктегі орны, қазіргі заманғы тенденциялар және жас қаламгерлерді қолдау мәселелері талқыланды. Жиынға қатысқандар "Қазақ" газеті әдебиеттің алтын діңгегі болды, онда жарық көрген туындылар қазақтың руханиятын қалыптастырып, мәдени мұрамыздың негізін қалады" деп атап өтті.

"Елдегі болып жатқан оқиғаларға, революцияға, конфескіге ұшырап жатқан байларымызға, зиялыларымызға байланысты көптеген әңгімелер айтылып жатқан. Оның сыртында қазақтың тарихын, салт дәстүрін жазып отырған. Сондықтан да "Қазақ" газеті – елдің тарихы деп есептейміз, – деді Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов.

Оқи отырыңыз: Жылан – құпиялар жылы: ел тарихында қандай маңызды оқиғалар болды