Сөз өнеріндегі өлкетану: Ұлттық кітап күніне арналған апталықтың екінші күні

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Бұл күн аймақ әдебиетін дамытуға және әр өңірдің рухани мұрасын насихаттауға бағытталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығының екінші күні «Сөз өнеріндегі өлкетану» атауымен өтеді. Бұл күн отандық авторлардың шығармашылығын кеңінен танытуға, аймақ әдебиетін дамытуға және әр өңірдің рухани мұрасын насихаттауға бағытталды, деп хабарлайды Almaty.tv

Мәдениет және ақпарат министрлігінен хабарлағандай, республика көлемінде кітапханаларда, мәдениет ошақтарында және білім беру ұйымдарында қаламгерлермен кездесулер, кітап таныстырылымдары, әдеби басқосулар мен пікір алмасу алаңдары өткізіледі.

Атап айтқанда, Абай облысында қаламгер Әсет Мырзақасыммен кездесу ұйымдастырылып, Ақмола облысында Алмас Темірбайдың «Жекебатыр» кітабы көпшілікке таныстырылады.

Алматы облысында ақын Аршын Нұрбақытпен кездесу аясында «Айқасқа» жинағы жөнінде пікір алмасу жоспарланған.

"Сонымен қатар Абай Құнанбайұлы, Ғабит Мүсірепов, Қабдеш Жұмаділов, Шөмішбай Сариевтің шығармашылық мұрасына арналған әдеби кештер өтеді", - делінген хабарламада.

Оқырманға отандық әдеби туындылар, өлкетану еңбектері және әр өңірдің өткені мен мәдени келбетін баяндайтын шығармалар ұсынылады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандағы конституциялық реформаны халықаралық рейтинг агенттіктері талқылады

Новости партнеров