Спорт – достық алаңы: Алматыда наурызнаманың онкүндігі аясында фестиваль өтті

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық спортты кеңінен дәріптеп, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру, салт-дәстүрді насихаттау

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда наурызнаманың онкүндігі аясында «Спорт – достық алаңы» атты фестиваль өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мерекелік іс-шараға қала халқы мен қонақтары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен мәдениет қайраткерлері қатысып, түрлі спорт түрінен сынға түсті.

Атап айтсақ, асық ату, арқан тарту, гір көтеру, қол күресі және арқанмен секіру сияқты ұлттық ойындарда бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып, арты концерттік бағдарламаға ұласты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық спортты кеңінен дәріптеп, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру, салт-дәстүрді насихаттау.

«Алмалы ауданының тұрғындарының ауызбіршілігін нығайту, жастарды спортқа баулу және қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу мақсатында іс-шара өткізіп жатыр. Әжелеріміз келіп ақ батасын беріп, әсем әндерін айтып жатыр.Қазақтың керемет шашу, тұсаукесер сияқты дәстүрлерін көрсетіп жатыр», – деді спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжі басшысының орынбасары Әйгерім Каршалова.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысына берген уәдемді орындадым: Ербол Хамитов елге оралды

 

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров