Ірі қалаларда студенттер тарапынан пәтерге сұраныс тұрақты түрде жоғары
Әр тамыз бен қыркүйекте Қазақстанда жалға беру нарығы жанданады. Жан-жақтан мыңдаған студент ірі қалалардағы жоғары оқу орны мен колледжде білім алу үшін көшіп келеді. Арзан пәтерге бәсеке артады, ал тұрғын үй нарығына енді келгендерде арзан баспананы қайдан іздеу керек, алаяқтарға қалай алданбау керек және жалға алу келісімшартында не болуға тиіс деген көптеген сұрақ туындайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Krisha.kz-ке сілтеме жасап.
Жатақхана барлығына жетпейді
Krisha.kz сату бөлімінің басшысы Имран Османовтың айтуынша ірі қалаларда, әсіресе Алматыда, студенттер тарапынан сұраныс тұрақты түрде жоғары.
— Жыл сайын Алматының өзіне шамамен 200 мың студент келеді, олардың 120–140 мыңы аймақтардан келген. Көбі жатақханада тұрады, бірақ кейбірі жалдамалы пәтерде өздері немесе достарымен бірге тұруды жөн көреді, - дейді ол.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, Алматыда студенттерге жатақханада орын жете бермейді.
Студент баспананы қайдан іздеуі керек
Көбі университетке жақын жерде тұруды қалайды, бірақ жоғары оқу орындарының жанындағы баспана бәріне бірдей қолжетімді емес. Кейде сәл алыста тұрған пәтерді жалдаған тиімдірек, алайда бұл жағдайда мынаны ескерген жөн:
Алматыдағы студент үшін танымал аудандар
Алматыда студентің Тастақ, Сайран, Саяхат және Шұғыла ықшамаудандарын қарастырғаны жөн.
- Мұнда метро жақын, қоғамдық көлік қозғалысы ыңғайлы және бағалар қолжетімді, - дейді Имран Османов.
Сарапшы Әуезов ауданынан баспана іздеуді ұсынады, оған мыналар кіреді:
Бұл аудандар «Бауыржан Момышұлы», «Сарыарқа» және «Мәскеу» станцияларының маңында орналасқан. Метро желісі бойындағы ең танымал орындар болғандықтан оқу орнына жету көп уақыт алмайды.
Тағы бір лайфхак: бірінші немесе соңғы қабаттағы пәтерді іздеңіз. Олар арзан болады, жайлылығында айырмашылық сезілмейді.
Жалға алу құны
Мысалы, Байтұрсынұлы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан, бірнеше оқу орны бар ауданды алсақ, онда 1 бөлмелі пәтерді жалға алу бағасы айына 300–350 мың теңгеден басталады, ал 2–3 бөлмелі пәтердің құны орта есеппен 600–700 мың теңге тұрады.
Бағаларды салыстырайық:
Әуезов ауданында, сарапшы атаған ықшамаудандарда пәтер жалдау құны едәуір төмен. Оның үстіне, студент метромен бар-жоғы 4–5 станция жүреді, шамамен 15 минут:
Қалай үнемдеуге болады
Баспананы анағұрлым арзанға жалдаудың тағы бірнеше жолы бар.
Алматыда бөлмені бір айға жалға алу құны орта есеппен 60 мың теңгеден басталады.
Мысалы, 250 мың теңгелік пәтерді екі адам жалдаса, әрқайсысы шамамен 120 мың теңгеден төлейді.
егер біреуге қосылып тұратын болсаңыз, жалға алу келісімшартын міндетті түрде қарап шығыңыз. Онда қосымша адам кіргізуге немесе қосалқы жалгерлікке (мысалы, пәтерді өзіңіз жалдап жүріп, кейін басқа адамды қосуды ұйғарсаңыз) тыйым салатын тармақ бар-жоғын тексеріңіз.
Бастапқыда пәтерді екі немесе үш адам бірігіп жалдайтын болсаңыз, жалға алу келісімшартын дұрыс жасап, онда тұратын адамдардың нақты санын көрсетіңіз.
Алаяқтарға алданып қалмау жолдары
Көрмей тұрып төлем жасамаңыз — пәтерді көрмей және жалға берушінің құжаттарын тексермей тұрып, ешқандай алдын ала төлем немесе брондау үшін ақша жібермеңіз.
Жалға берушінің жеке басын міндетті түрде тексеріңіз. Пәтер иесінің шынымен өзі екеніне көз жеткізіңіз. Оның жеке куәлігін және пәтерге меншік құқығы тіркелгені жөніндегі анықтаманы көрсетуін сұраңыз (оны телефон арқылы онлайн алуға болады, 5 минутта дайын болады).
Немесе деректерді пәтерге қатысты меншік құқығын растайтын құжатпен, мысалы, сатып алу-сату келісімшартындағы мәліметтермен салыстырыңыз. Онда меншік иесі көрсетіледі.
Жалға алу келісімшартын жасаңыз — ол сіздің құқығыңызды қорғайды. Келісімшартты тек пәтер иесімен жасап, жалға алу ақысын тек соның атына аударыңыз немесе қолма-қол беріңіз.
Келісімшартта нені көрсету керек:
Пәтерде темекі шегуге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жиһазды ауыстыруға бола ма, жоқ па деген шарттар.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында 110 жасқа толған қарт әжей тұрады