Су құятын шағын бөшкеге кептеліп қалған: Абай облысында кішкентай қыз құтқарылды

07.07.2025 16:58

Құтқарушылар фляганың қабырғаларын кесіп, қызды шығарып алды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

 

Абай облысында ТЖМ құтқарушылары су құятын шағын бөшкеде қысылып қалған бес жасар қызды құтқарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйдің ауласында ойнап жүрген бала алюминийден жасалған құтыға кіріп, шыға алмай қалған. Бұл жағдай оның ата-анасының көз алдында болған, олар өз күштерімен баланы шығара алмай, құтқарушылардан көмек сұраған", - делінген хабарламада

 ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына келіп ТЖМ "Holmatro" гидравликалық жабдығының көмегімен фляганың қабырғаларын кесіп, қызды шығарып алып, ата-анасына тапсырды.

Қазір балаға қауіп жоқ. Ол медициналық көмекке мұқтаж емес.

Оқи отырыңыз: Семейде өзенде балық аулап отырған баланы жасөспірімдер аяусыз соққыға жыққан