Су саласы жеткілікті деңгейде цифрландырылмаған — вице-премьер

07.08.2025 11:16

Бүгінде ел аумағындағы 42 су қоймасын салу немесе жаңғырту жоспарда бар

Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су саласын цифрландыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Бүгінде ел аумағындағы 42 су қоймасын салу немесе жаңғырту жоспарда бар. Сонымен қатар, бірінші кезекте 14,5 мың шақырым магистральді каналдарға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысының өте қатаң талабы бар — су шығынын азайту керек. Ол үшін біз саланы цифрландыруымыз қажет. Өкінішке қарай, бүгінде цифрлық технологияға жетуіміз әлі де алыс, бірақ біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Су шығынын нақты уақытта көріп отыруымыз керек", — деді Қанат Бозымбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оқи отырыңыз: Тағы бір жол 17 тамыздан бастап ақылы болады