Құжатқа 1999 жылы 17 маусымда Лондонда қол қойылған
Мәжіліс 1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл – сумен қамтамасыз ету, санитария, гигиена және денсаулық сақтау мәселелеріне бағытталған әлемдегі алғашқы әрі жалғыз шарт. Оның мақсаты – су ресурстарын тұрақты басқару, сумен байланысты аурулардың таралуын болдырмау және халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау.
Хаттамада мына міндеттер көрсетілген:
Хаттамаға қосылу су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалануға, халықты қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етуге, ағынды суларды қайта қолдануға, суды пайдаланудың барлық кезеңінде санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау бойынша шешімдерді жедел қабылдауға көмектеседі.
Оқи отырыңыз: Әлем сарапшылары инклюзивті қоғам құрудағы жаһандық сын-қатерлерді талқылады