Бүгінде су басу қаупі бар елдімекендерге ерекше назар аударылуда
Ақмола облысында су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
ТЖМ мәліметінше, бүгінде су басу қаупі бар елдімекендерге ерекше назар аударылуда.
Атап айтқанда, Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылы мен «42 разъезд» станциясында су деңгейі мен су тасқыны жағдайының дамуына үздіксіз бақылау ұйымдастырылған.
Мониторинг ТЖМ басшылығымен жүргізілді.
"Жедел қызметтер су айдындарының, гидротехникалық құрылыстардың және өзен арналарының жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Су басудың алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Қазіргі уақытта гидрологиялық жағдай тұрақты.
Жағдай тұрақты бақылауда, мониторинг жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: ТЖМ ескертеді: балаларды терезеден құлаудан қалай қорғау керек