«Центр плова Loft» кафесіндегі жарылыс фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр
Ақмола облысының прокуратурасы Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» кафесінде абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Внедомство мәліметінше, биылғы 20 сәуірде арнайы прокурорлар автомобиль газ құю станциясының директорын, сондай-ақ газ баллондарды жеткізушіні ұстады.
"Күдіктілер баллондарды толтыру және жеткізу бойынша қызметтер көрсету кезінде заңнама талаптарын бұзды деген күдікке ілінді", - делінген ведомство мәліметінде.
Күдіктілердің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306 - бабының 3-бөлігі бойынша (абайсызда екіден көп адамның ауыр зардаптары мен өліміне әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) сараланды.
Аталған бап санкциясы 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Күдіктілердің біріне қатысты соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы, екіншісіне- үй қамағы таңдалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мән-жайлар жария етуге жатпайды.
Оқи отырыңыз: Абай облысында шаруа қожалығының басшысы 250 млн теңге жымқырған