Қылмысты жасыруға күдіктінің досы көмектескен
Шымкентте сүйіктісімен жанжалдасып қалған жігіт оны пышақтап өлтіріп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ресми ақпар бойынша, қызымен айырылысқысы келмеген 20 жастағы азамат оны соңғы рет кездесуге шақырған. Көлік жүргізіп үйретемін деген сылтаумен кәмелетке толмаған қызды қаланың шетіне алып кетіпті. Сол жерде екеуі ұрысып қалып, арты қайғылы жағдайға ұласқан. Ең сорақысы, ер адам мәйітті толық шешіндіріп, сексуалдық сипаттағы азғын әрекеттер жасаған көрінеді. Ал бұл қылмысты жасыруға күдіктінің досы көмектескен.
«Аса ауыр санаттағы қылмысы ашылып қалмауы үшін, мәйітті жасыру мақсатында Сейітбекке хабарласып, үйінен қап алып шығуын сұрап,үйіне барған. Екеуі бірге мәйітті жерден көтеріп, қапшық кигізіп, сол жерге лақтырып кеткен», – деді прокурор Әскербек Пошимов.
Айта кетейік, аталған жан түршігерлік қылмыс наурызда болған. Ал бүгін іс бойынша сот отырысы басталды. Кәмелетке толмаған қызды өлтіріп, мәйітін қорлады деп айыпталып отырған 2005 жылғы жігіт кінәсін жартылай ғана мойындаса, оған көмектескен серігі әрекетін толық жауапкершілігіне алған.
Оқи отырыңыз: Кешіккен рейс: Ақтауда жүздеген адам жолынан қалды