Сүт безі қатерлі ісігі: Алматыда көрмеге аурудан сауыққан әйелдердің бейнесі қойылды

19.11.2024 15:33

Елімізде былтыр 5000-нан аса әйелден сүт безі қатерлі ісігі анықталған

Елімізде былтыр 5000-нан аса әйелден сүт безі қатерлі ісігі анықталған. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан онкологиялық ауруларға қарсы бірегей портрет көрмесінің ашылуында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоба аясында қолға алынған іс-шарада сүт безі қатерлі ісігімен күресте жеңіп шыққан әйелдердің бейнелері қойылған. Ұйымдастырушылар сырқаттың бұл түріне шалдыққан қыз-келіншектердің сенімділігін артырып, соңына дейін емделуге шақыруды мақсат тұтқан. Себебі сүт безі обырынан Қазақстанда жыл сайын 1000-нан аса әйел көз жұмады. Ал мамандар ерте диагностикадан өту арқылы аурудың алдын алуға болатынын жеткізді.

"Сүт безі қатерлі ісігі 1 және 2-сатыда толығымен емделіп кетеді. Ісігі ерте анықталған әйелдердің барлығы жазылып кетті. Аурудың емдеу тегін", – деді Қазақ онкология және радиология ҒЗИ маммолог дәрігері Назгүл Омарбаева.

Оқи отырыңыз: Мектептерде тамақ сапасы күнделікті тексеріледі