Ғани Бейсембаевтың айтуынша, биыл тиісті нормативтік құқықтық талап күшейтілді
Мектептерде тамақ сапасына күнделікті тексеріс жүргізіледі. Еліміздің Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, биыл тиісті нормативтік құқықтық талап күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру стандарттары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес қайта қаралған.
"Мектептердегі медбикелердің тамақтандыру сапасына күнделікті бақылауын қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарында тамақтанудың халықаралық стандарттарға негізделген жаңа нұсқасын 2025 жылдың 1қыркүйектен бастап қолданысқа енгізу керек. Аталған шаралар мектептегі тамақтандыру сапасын арттыруға толықтай мүмкіндік береді", – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Оқи отырыңыз: Атаулы әлеуметтік көмек: Қызылорда облысында 1,2 миллиард теңге қаржы үнемделген